Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқу ісінің меңгерушісі Келбет Бирмаганбетовнаның ұйымдастыруымен кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңестің тақырыбы – «Білім сапасын бағалау: халықаралық тәсілдер және мектеп тәжірибесі» 🌍📚
🔹Кеңес барысында мектептегі әрбір әдістемелік бірлестік өз пәндік ерекшеліктеріне сай сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерін, көрнекіліктерін, бағалау формаларын және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті Мұғалімдер шынайы өмірмен байланысты тапсырмалар мен белсенді оқыту әдістеріне ерекше тоқталды.
🔹Мұндай кеңестер ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, жаңашыл идеялармен алмасуға, білім сапасын жақсартуға үлкен үлес қосады.
💡Кеңес барысында өзара пікір алмасу, тәжірибе тарату, жаңа әдістерді талқылау арқылы мұғалімдер өз сабақтарына тиімді жаңалықтар енгізуге мүмкіндік алды.
Кеңес жылы әрі шығармашылық атмосферада өтіп, әріптестер бір-бірінен шабыт алып, алдағы жұмыстарына жаңа серпінмен кірісуге дайындықтарын көрсетті.
Кеңес соңында оқу ісінің меңгерушісі Келбет Бирмаганбетовна келесі шешімдерге қаулы етті:
1. Пән мұғалімдеріне:
– Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды оқу үрдісінде жүйелі түрде пайдалану;
– Күнделікті сабақ жоспарларына шынайы өмірлік жағдайларға негізделген тапсырмаларды енгізу.
2. Әдістемелік бірлестікке:
– Функционалдық сауаттылықты бағалауда қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің тиімділігіне талдау жүргізу;
– «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру: мектеп тәжірибесі» атты әдістемелік материалдар жинағын дайындау.
Мектеп ұжымы алдағы уақытта да білім сапасын арттыруға бағытталған осындай мазмұнды кеңестер мен кәсіби кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.
Оқу ісінің меңгерушісі: Мурзабекова Келбет Бирмаганбетовна