Search
Close this search box.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Мәзір
Іздеу
Алтын белгі
Педагогтар ұжымы «Ұстаз» фильмін тамашалады.

23.12 біздің мұғалімдер қауымы отандық киноиндустрияның жемісі – «Ұстаз» фильмін бірге көріп, талқылады. Фильмнің басты кейіпкері – Ілияс есімді беделді математик. Ол анасының сырқатына байланысты Алматыдан туған ауылына оралып, ауыл мектебінің 11-сыныбына сабақ беруге кіріседі. Оқушылардың көпшілігіне ешкім де үміт арта қоймайды, олардың ҰБТ-дан құлайтындығы айқын көрінеді.

Фильмді көргеннен кейін мұғалімдер арасында қызу пікірталас өрбіді. Әрқайсысы осы тақырыптардың әрқайсысын жеке-жеке талдап, оларды күнделікті педагогикалық тәжірибеге қалай қолдану керектігі туралы ой бөлісті. Біз үшін мұндай фильмдер – бұл жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеу, оқыту үдерісін жетілдірудің тамаша мүмкіндігі.

«Ұстаздық ұлы қызмет» фильмі бізді білім беру саласында жұмыс істейтін әрбір адамның маңыздылығына тағы да көз жеткізді. Мұғалімдер осы фильмнен алған әсерлерін болашақ сабақтарында пайдалануды жоспарлап отыр.

Подготовила информацию зам директора по методической работе Сражатова Н.Д