«Экологиялық тәрбие бойынша құзыреттілік орталығын ашу» шарасы 2024 жылдың 8 қарашасында Рудный қаласындағы №7 мектеп-гимназияда өтті және Абай мектебінің Юнеско клубының жетекшісі, әдістемелік істер бойынша басшының орынбасары Надежда Даниярбековна осы іс – шараға қатысып,алдағы болатын іс – әрекеттер бойынша танысты. Орталықтың ашылуы салтанатты түрде Қостанай облысының өкілдері мен мектеп басшыларының қатысуымен өтті. Юнусова Гүлнара Батырбекқызының экологиялық білім берудің өзекті трендтері туралы сөзі ерекше қызығушылық тудырды.Мектеп басшысы ҚЫмбат Исланбековна өз мектеп қабырғасында экологиялық білімнің қалай іске асып жатқанын таныстырды. Шараның интерактивті бөлігі оқушыларды байқаулар мен жобаларға қатысуға ынталандырды, мысалы, «ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра нысандары» және «Жас геолог». Оқиғалар негізгі сәттерді талқылау және ой елегінен өткізу арқылы аяқталды, бұл экологиялық бастамаларды одан әрі дамытуға ықпал етті.
Подготовила информацию заместитель руководителя Сражатова Н.Д