Search
Close this search box.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Мәзір
Іздеу
Алтын белгі
Пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары

Мектептегі пән мұғалімдерінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыратын маңызды құрылымы-әдістемелік бірлестік. Мектеп әдістемелік бірлестігінің отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. ӘБ отырыстарын ұйымдастыру формалары отырыстың мақсатына, мұғалімдердің дайындығына, жалпы білім беретін мекемелнің дәстүрлеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Солай, көктемгі демалыста бекітілген жоспар бойынша 2024 жылғы 28 наурызда мектеп педагогтері үшін Әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары өтті, онда күн тәртібінде мынадай мәселелер қарастырылды:

  • 2023-2024 оқу жылының 3 тоқсанындағы пәндер бойынша 1-11 кл үлгерімін талдау;
  • Мұғалімдердің теориялық әдістемелік және кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін зерттеу және пәнді оқыту жағдайын зерттеу;
  • Әр түрлі сұрақтар.

Мектеп әдістемелік бірлестігінің отырысы хаттамаланып, ӘБ жетекшілерімен расталды.