2024 жылдың 25 қаңтарында Асқаров Руслан Азаматұлы СПЧ 1 бөлімі бастығының орынбасары мен Паскар Андрей Викторович СПЧ 1 аға инженері мектебімізге келіп, 11 сынып оқушыларын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Азаматтық қорғау органдарының офицерлерін даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны.
Академия курсанттары оқу барысында толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болады.
Академия түлектеріне азаматтық қорғау лейтенанты атағы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелеріне жұмысқа орналастыру кепілдігі беріледі. Осы ақпараттарды оқушыларымыз толық алды. Болашақта оқушыларымыздың ойы болса, үгіт –насихат жүргізушілерге хабарласатын болады.
Ақпаратты дайындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Бекентаев Ж.К