Search
Close this search box.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Мәзір
Іздеу
Алтын белгі
«Қазақ күресінің арландары» атты дөңгелек үстел

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

ҚАҢТАР – «ҰЛТТЫҚ КОД» АЙЫ.  Қаңтардың екінші аптасы «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» атты мектепішілік « Ұлттық мектеп лигасы » жобасы іске асырылуда.

Осыған байланысты бүгін мектеп кітапханасында «Қазақ күресінің арландары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қазақ күресінен Қостанай облысының аға жаттықтырушысы,ҚР спорт шебері Қасымханов Жұмақан Нұрқанұлы мен қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер, спорттың бірнеше түрінен жеңімпаз Үмітқали Бағдат Мұратбекұлымен кездесу өткізілді. Бұл кездесудің  оқушылар үшін пайдасы зор болды. Келген қонақтар оқушыларға спорттың пайдасы туралы жақсы әңгімелер қозғады.