Search
Close this search box.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Мәзір
Іздеу
Алтын белгі
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық кеңес өтті

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқу ісінің меңгерушісі Келбет Бирмаганбетовнаның ұйымдастыруымен кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңестің тақырыбы – «Білім сапасын бағалау: халықаралық тәсілдер және мектеп тәжірибесі» 🌍📚

🔹Кеңес барысында мектептегі әрбір әдістемелік бірлестік өз пәндік ерекшеліктеріне сай сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерін, көрнекіліктерін, бағалау формаларын және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті Мұғалімдер шынайы өмірмен байланысты тапсырмалар мен белсенді оқыту әдістеріне ерекше тоқталды.

🔹Мұндай кеңестер ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, жаңашыл идеялармен алмасуға, білім сапасын жақсартуға үлкен үлес қосады.
💡Кеңес барысында өзара пікір алмасу, тәжірибе тарату, жаңа әдістерді талқылау арқылы мұғалімдер өз сабақтарына тиімді жаңалықтар енгізуге мүмкіндік алды.

Кеңес жылы әрі шығармашылық атмосферада өтіп, әріптестер бір-бірінен шабыт алып, алдағы жұмыстарына жаңа серпінмен кірісуге дайындықтарын көрсетті.

Кеңес соңында оқу ісінің меңгерушісі Келбет Бирмаганбетовна келесі шешімдерге қаулы етті:

1. Пән мұғалімдеріне:
– Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды оқу үрдісінде жүйелі түрде пайдалану;
– Күнделікті сабақ жоспарларына шынайы өмірлік жағдайларға негізделген тапсырмаларды енгізу.

2. Әдістемелік бірлестікке:
– Функционалдық сауаттылықты бағалауда қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің тиімділігіне талдау жүргізу;
– «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру: мектеп тәжірибесі» атты әдістемелік материалдар жинағын дайындау.

Мектеп ұжымы алдағы уақытта да білім сапасын арттыруға бағытталған осындай мазмұнды кеңестер мен кәсіби кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Оқу ісінің меңгерушісі: Мурзабекова Келбет Бирмаганбетовна