Search
Close this search box.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Мәзір
Іздеу
Алтын белгі
«Мектептегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға»нысаналы мектеп басшыларына арналған семинар

26.09.24 «Мектептегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан практикаға»нысаналы мектеп басшыларына арналған семинар өтті. Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырды. Семинар мектептердегі білім сапасын басқару және осы саладағы стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру мәселелеріне арналды. Қатысушылар білім беру процесін жақсарту үшін қолданылатын әдістер мен құралдарды талқылады.

Бұл іс-шара өңірдің білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болды және педагогикалық құрамның біліктілігін арттыруға ықпал етті.

Әдіскер әріптестердің, мектеп басшылары мен орынбасарларының кездесуі әрқашан нәтижелі әрі қызықты өтеді. Қатысушылар жалпы мақсатқа – білім беру сапасын жақсартуға және мектеп қызметін трансформациялауға ұмтылатыны ерекше қуантады. 🍀👏🍃

Ақпаратты директордың ҰӘҒМ жөніндегі орынбасары Н.Д. Боражатова дайындады